Қазақстанда газдандыру қай өңірлерде жүргізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 471.46
  • 555.38
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда газдандыру қай өңірлерде жүргізілуде

Қазақстанда газдандыру қай өңірлерде жүргізілуде

Бүгінде елде шамамен 13 млн адам табиғи газға қол жеткізген.

  • 17 Сәуiр
  • 6
Фото: Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

2026 жылдың қорытындысы бойынша газдандыру деңгейі 64,3%-ға жеткізу жоспарлануда, бұл өткен жылғы көрсеткіштен (62,4%) жоғары.

Биыл елімізде газдандыру бойынша 40 жоба іске асуда. Нәтижесінде 10 елді мекенде 32 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қол жеткізеді.

Жобалар Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарын, сондай-ақ Ұлытау және Жетісу облыстарын қамтып отыр.

Сонымен қатар «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісінің бірінші кезеңінің құрылысы жалғасуда. Ағымдағы жылдың соңына дейін жылына 10 млрд текше метр газ өткізу қуатымен газ құбырының желілік бөлігінің құрылысын аяқтау жоспарланған.