”Мұсылман мен қазақы мұсылман бір-біріне мүлдем ұқсамайды” - сценарист Қанат Рамазан - kaz.caravan.kz
  • $ 471.46
  • 555.38
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Мұсылман мен қазақы мұсылман бір-біріне мүлдем ұқсамайды” - сценарист Қанат Рамазан

”Мұсылман мен қазақы мұсылман бір-біріне мүлдем ұқсамайды” - сценарист Қанат Рамазан

Көптеген белгілі фильмдерге сценарий жазып жүрген Қанат Рамазан өзін қазақы мұсылман екенін, бірақ оның мұсылмандарға ұқсамайтынын айтты.

  • 17 Сәуiр
  • 16
Фото: Видеодан скрин

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Мен тәңірші емеспін, өзімді қазақы мұсылманмын деп санаймын. Қалай түсінсеңіздер, олай түсініңіздер. Ал қазақы мұсылман мен мұсылман бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Мен үшін “қазақы мұсылман” деген бөлек бір термин және арабтың мұсылманына оның ешқандай қатысы жоқ. Қазақы мұсылман деген құран бағыштайтын кезде жеті шелпек пісіруден қорықпайтын адам, ол зираттың жанынан өтіп бара жатқан кезде алдымен әруаққа бағыштап, бетін сипайтын адам. Ол қызын, әйеліне қара қара жамылдырмай зайырлы қоғамға кіріктіре білетін адам. Ол дін мен ұлттың арасында таңдау тұрса, алдымен өзінің қазағын таңдайтын адам”, — деді сценарист.