Талғарда тағы да қанды қылмыс: 20 жасар жігіт бір топ адамның қолынан қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.73
  • 546.57
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талғарда тағы да қанды қылмыс: 20 жасар жігіт бір топ адамның қолынан қаза тапты

Талғарда тағы да қанды қылмыс: 20 жасар жігіт бір топ адамның қолынан қаза тапты

Талғарда тағы да ауыр қылмыс тіркелді.

  • 22 Сәуiр
  • 22
Фото: @zifaya_abdrim парақшасынан алынған

Бұл туралы қаза тапқан жігіттің әпкесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталының тілшісі.

Алматы облысында 20 жастағы жігітті бір топ адам пышақтап өлтірді. Оқиғаның мән-жайын марқұмның әпкесі әлеуметтік желіде жазды.

«2026 жылы 12 сәуірде менің бауырым Анвар Мұсаев Талғар ауданында қатігездікпен өлтірілді. Оған 10-нан аса адамнан құралған топ шабуыл жасады. Бұл кездейсоқ оқиға емес, алдын ала ұйымдастырылған, салқынқанды топтық қылмыс. Шабуыл жасағандар оны қоршап алып, өзін қорғауға мүмкіндік бермеген. Алған ауыр пышақ жарақаттарынан ол оқиға орнында көз жұмды. Бізде оқиғаны растайтын бейнежазба бар, сондай-ақ 30-дан астам куәгер болған. Соған қарамастан қамауға бір ғана адам алынды», — деп жазды ол.

Кейін полиция тағы да үш адамның ұсталғанын хабарлапты.

«Бұзақылық дерегі бойынша тағы үш күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, сот екі адамға үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Ал кәмелетке толмаған күдіктіге қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес шара қолданылды», — деді полиция.

Марқұрмның отбасы әділ тергеуді талап етеді.

«Бұл бір отбасының басына түскен қайғы емес, жалпы қауіпсіздік мәселесі. Бүгін бір адамды жабылып өлтіріп алып, бостандықта жүре беретін болса, ертең не болады? Біз шабуыл жасаған адамдардың барлығын анықтауды, әр бір қатысы бар адамды ұстауды, әділ әрі объективті тергеу жүргізуді, және біздің отбасымызды қысымнан қорғауды талап етеміз», — деп жазды әпкесі.