"Ұлтқыран, Елсұңқар, Сәтмөр": Мұхтар Шахановтың ұрпақтарының кім екені белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.37
  • 542.16
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ұлтқыран, Елсұңқар, Сәтмөр": Мұхтар Шахановтың ұрпақтарының кім екені белгілі болды

"Ұлтқыран, Елсұңқар, Сәтмөр": Мұхтар Шахановтың ұрпақтарының кім екені белгілі болды

Күні кеше абыз ақын Мұхтар Шаханов жер қойнына тапсырылып, қазақ елі тағы бір ұлт жанашырымен қоштасты.

  • 23 Сәуiр
  • 16
Фото: Instagram/bekzat_sattarkhan. Коллаж: Caravan.kz

Көпшілік енді оның ұрпақтарымен танысуды жөн көріп отыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Желіде өзін Бекзат Саттархан деп таныстырған жігіт ақынның Түркістан облысындағы ауылына барғанын, онда марқұмның отбасы мүшелерімен танысқанан айтқан.

«Мұхтар Шахановтың келіні мен немерелерінен сұхбат алдым.  “Асылдың сынығы, тектінің тұяғы”-дегендей, атамыздың 2 ұлынан тараған 5 ұл, 4 қыз немересі бар. 2 ұлы да: Рауан ағамыз 2021 жылы, Қуаныш ағамыз 2025 жылы өмірден озған. Немерелері жауапкершілікті өз мойындарына алып, көңіл айтып келгендерге қызмет етіп жүр.

Қуаныш ағамыздан 2 перзент; Елқанат аға мен Нұрмерей әпке. Видеода атамыздың кіші келіні, Рауан ағамыздың асыл жары — Жаңагүл жеңешеміз, ұлдары Әділ, Нұрмұхаммед, Ұлтқыран, Елсұңқар. Сондай-ақ Сәтмөр, Асыл, Балнұр есімді қыздары бар. Бәрі де атасының жолын қуатын, көздерінде жалыны бар қыздар мен жігіттер екен. Өмір жолдары ашық болғай!», — деп жазды ол.

Оқырмандар аңыз адамның ұрпақтарына жылы тілектерін жаудырып, атасының ізін жалғайтынына қуанған.

Айта кетейік, 84 жасына қараған шағында, қоғам қайраткері, ақын, Қазақстанның Еңбек ері, ұлт жанашыры Мұхтар Шаханов дүниеден өткен еді. Ақынды өзі туып өскен Отырар ауданы маңында жерледі.