UFC-ге қайта оралуды армандаймын - Азат Мақсұм - kaz.caravan.kz
  • $ 461.37
  • 542.16
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
UFC-ге қайта оралуды армандаймын - Азат Мақсұм

UFC-ге қайта оралуды армандаймын - Азат Мақсұм

Қазақстандық спортшы Азат Мақсұм UFC-ден кеткеннен кейін қандай қиындықтарға тап болғанын айтты.

  • 23 Сәуiр
  • 1005
Фото: Видеодан скриншот

Бұл туралы ол «Steppe Talents» YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Ол келісімшарт аяқталған соң айналасындағы адамдардың шын бет-бейнесін көргенін мәлімдеді.

«Қазір де тоқтап қалған жоқпыз. Бұйырса шығамыз, үміт бар. Көбі келісімшарт бітті, UFC-ден кетті деп ойлайды. Жарнама берушілер де кетіп жатыр. Бір сөзбен айтқанда біраз адамның маскалары шешіліп жатыр. Қасымда да қаншама адам жүрді. Сен ат үстінде болсаң, қасыңда болады. Дәрежең түссе, олар да кетіп қалады. Әлі де дәлелдегім келеді. Алла денсаулық берсе бәрі алда, біраз жерге шығуға дайынмын», — дейді ол.

UFC-де төрт жекпе-жек өткізіп, шығып қалған Азат Мақсұм әлемдегі басты лигаға қайта оралуды армандайтынын да жасырмады.

«Қазір жұмыс істеймін, жаттығуымды да жасаймын. Формадан шығып қалмауға тырысамын. Әрине, UFC-ге қайта оралу арман ғой. Олар бір шығарған спортшыны қайта алуы да қиындау. Алла қаласа, жолымыз болып жатса, UFC-ге қайта баруға тырысамын. Қазір басқа да лигалардан жақсы ұсыныстар күтудеміз. Бәрін қарастырамын, бірақ бірінші мақсат UFC-ге қайта оралу», — дейді спортшы.

Сондай-ақ, ол еркін күрестен жарысқа дайындалып жүргенін айтты.

«Алда еркін күрестен жарыстар болады. Соларда күресіп көрсем бе деген ойдамын. Еркін күрестен разрядым бар. Облыс, қала көлеміндегі жарыстарда ұтып жүрдім. Спорт болмаса, білім жағына кетсем бе деп ойлаймын. Әскери сала өзіме қызық», — дейді ол.