Аида Балаева "Voice Beyond Horizon" байқауында жеңіске жеткен қазақстандық әншіні құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 462.87
  • 540.72
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аида Балаева "Voice Beyond Horizon" байқауында жеңіске жеткен қазақстандық әншіні құттықтады

Аида Балаева "Voice Beyond Horizon" байқауында жеңіске жеткен қазақстандық әншіні құттықтады

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева "Voice Beyond Horizon" халықаралық байқауында жеңіске жеткен қазақстандық әнші Нұржас Садырбаевты жеңісімен құттықтады.

  • 24 Сәуiр
  • 8
https://www.facebook.com/aida.balayeva.2025

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Қазақстандық талантты әнші Нұржас Садырбаевты «Voice Beyond Horizon» халықаралық жобасындағы жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймын!

Нұржастың таланты, еңбегі мен сахнадағы шеберлігі әлемнің әр елінен келген қатысушылар арасында ерекше танылып, лайықты түрде жоғары бағаланды.

Димаш Құдайбергеннің бастамасымен іске асқан жоба Түркістан қаласында бастау алып, Ақтау мен Алматыда жалғасып, елордада қорытындыланды. Қытай, Қазақстан, Малайзия, Сербия, Италия және Қырғызстан елдерінен келген қатысушылар Қазақстанның киелі жерлерін бірге аралап, халқымыздың мәдениетімен, тарихымен және еліміздің бай табиғатымен танысты.

Өнер жолында табанды еңбек етіп, еліміздің мәдениетін әлемге танытып жүрген жас дарын иесіне алдағы уақытта да жаңа шығармашылық жетістіктер тілеймін.

Қазақ өнерінің көкжиегі кеңейе берсін», — деп жазды Аида Балаева.