"Сан соқтырып жүргендер аз емес": Наркенже Серікбаеваның жазбасы көпті ойландырып қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 462.87
  • 540.72
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сан соқтырып жүргендер аз емес": Наркенже Серікбаеваның жазбасы көпті ойландырып қойды

"Сан соқтырып жүргендер аз емес": Наркенже Серікбаеваның жазбасы көпті ойландырып қойды

Әнші Наркенже Серікбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады.

  • 24 Сәуiр
  • 9
Фото: instagram.com/narkenjeserikbaeva

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Өнер иесі өмірі мен болмысы туралы сыр шертіп, өнерге деген махаббаты ешқашан өшпейтінін айтқан.

«Әкем мен анамның кенжесі, 11 перзентті көп балалы отбасының еркесі болдым. Көпшілмін. Көпшіліктің арасында да еркелеп кететін бәрін үйдегідей көретінім бар. Адамдарды жатырқамай ақ көңіл қалпыммен қабылдаймын. Өзгені өзімдей көріп, қолымдағы барыммен бөлісіп жүргенім анамның тәрбиесі. Барды да жоқты да, тағдырдың түрлі сыйларын да, сынақтарын да көріп келе жатырмын Аллаға сансыз шүкірлер болсын!!! Ән айтпасам ауырып, ән айтсам жеңілдеп қалатын адаммын. Өнерге деген махаббатым ешқашан өшпек емес… Сырт көзге көкіректеу көрінгеніммен іштей өте ақ көңіл жұмсақ адаммын негізі.


Кейде еркелігімді көтере алмайтын адамдары да кездестірем. Ақ көңілдігімді аңқаулық деп санап сан соқтырып жүргендер аз емес. Өмір болған соң бәрін көреді екенсің. Менде дос санаулы ғана. Сатқындықты да көрдім. Бетке айтатын мінезіммен адамдарға кейде жақпай қаламын. Сырттан сөйлегеннен гөрі бетке айтып та жүре берген жақсы… Дос болғанға есігім де жүрегім де ашық. Құдайдың бергенін қарғадай басып жемей, сұңқардай шашып жейтін, бауырмал пейілімді, ізгі ниетімді алмасын Алла. Өмірге өнермен келдім, сол өнер деп өтем. Ән менің өмірім. Ән ғұмыр, ән сапар, елдің ықыласы мәңгілік болғай! Жақсы адамдарым, тыңдармандарым, тілеулестерім сіздер аман болыңыздар!», — деп жазды өнер иесі.

Оның бұл жазбасы желі қолданушыларын ойландырып қойды. Көпшілік әншінің шынайылығы мен ашықтығына жоғары баға беріп, қолдау білдірді.

«Аман болыңыз, сөзіңіз жүрекке жетті», «Жүрегі таза, пейілі кең әншісіз», «Тағдырдың қаншама сынағын өткеріп келе жатқан мықты жансыз», «Көпке үлгісіз», «Сізді сан соқтырып жүргендер кім екен», «Өнерде достық жоқ дейді ғой, сол рас-ау», — деп жазды олар.