”КВН-де жүрген біреу вице-президент болды”: Белгілі журналист басшылық қызметке тағайындалған жайдарманшыны сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 462.87
  • 540.72
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”КВН-де жүрген біреу вице-президент болды”: Белгілі журналист басшылық қызметке тағайындалған жайдарманшыны сынға алды

”КВН-де жүрген біреу вице-президент болды”: Белгілі журналист басшылық қызметке тағайындалған жайдарманшыны сынға алды

Танымал спорт журналисті Аслан Каженов Түркістан облысы күрес федерациясының вице-президенті болып тағайындалған Мансар Орынханды қатаң сынға алды.

  • 24 Сәуiр
  • 45
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Отандық күрес «проходной дворға» айналды. Бапкер болып көрмеген адам бас бапкер болды. Күреске қатысы жоқ адам кеңесші болды. КВН-де жүрген біреу вице-президент болды. Ал, құрылыс саласының мамандары өңірлік федерацияларды басқарды. Әй, не қылдыңдар? Не болды мынау? Көздеріңді шел басқан ба? Мынадай көзі тірі тұлғаларымыз бар ғой! Өмірін күреске арнаған, күрессіз өмір сүре алмайтын қаншама маман бар?! Соларды сырып тастап, не істеп жатсыңдар? Халық аңғал шығар. Бірақ, ақымақ емес. Бәрін көріп отыр ғой. Отандық күрес онсыз да құлдырап жатыр еді. Енді оны одан сайын төмендетіп, басына секірейін дедіңдер ме?! Ел намысын қорғап жүрген спортшылар обал. Бұған дейін іріген жүйеде жүрген. Енді шіріген жүйеге тап болды. Біреу білсе, біреу білмес, елімізде басқа спорттарға қарағанда күреске ең көп ақша бөлінеді. Сәйкесінше, ең үлкен жауапкершілік жүктеледі және ең үлкен үміт артылады. Оны біреу сезініп жатыр ма? Оны біреу түсініп жатыр ма? Мына командамен қайда кетіп бара жатсыңдар? Өздерің кете беріңдер? Қүресті қайда алып барасыңдар? Масқара”, — деп жазды журналист.

Естеріңізге салайық, жайдарманшының өзі бұл жаңалықпен бөлісіп, “меди бойынша вице-президент” екенін жазған еді.