Дональд Трампқа тағы да қастандық жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дональд Трампқа тағы да қастандық жасалды

Дональд Трампқа тағы да қастандық жасалды

Оқ агенттің қорғаныс жабдығына тиген, содан кейін ол жергілікті ауруханаға жеткізілген.

  • 26 Сәуiр
  • 15
видеодан алынған

АҚШ президенті Дональд Трамп, оның жұбайы Меланияны және әкімшіліктің басқа да жоғары лауазымды өкілдері Ақ үй жанындағы Тілшілер қауымдастығының жыл сайынғы кешкі асында бас қосты. Алайда қауіпсіздікке байланысты олар шұғыл түрде эвакуациялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Кешкі асқа қатысқандардың кейбірі бірнеше қатты дыбысты естігенін айтқан, алайда олардың қайдан шыққаны белгісіз. Журналистер, шенеуніктер және құрметті қонақтар абдырап, үстелдердің астына тығылған. 

АҚШ Құпия қызметінің агенттері де Washington Hilton қонақүйінің бал залында болды. The New York Times мәліметінше, президент жараланбаған. Қонақтар шамамен бес минуттай кешкі ас ішіп отырған кезде, залдың артқы жағынан шу естілген. Осыдан кейін қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері президент тұрған сахнаға қарай жүгірген.

АҚШ-тың Вашингтон округі бойынша прокуроры Жанин Пирро X әлеуметтік желіде өзін «атылған оқтың дыбысынан кейін» негізгі бал залынан шығарып әкеткенін айтты. «Қазір Құпия қызмет бұл ғимаратты, осы қонақүйді толық бақылауда ұстап отыр», – деді ол.

Америкалық БАҚ-тың мәліметінше, Трамп бұл кешкі асқа АҚШ президенті ретінде алғаш рет қатысқан. Кейін Құпия қызметтің коммуникациялар жөніндегі директоры Энтони Гульельми X әлеуметтік желісінде күдіктінің ұсталғанын жазды. Жазбаға сенсек, АҚШ Құпия қызметі Колумбия округінің полиция басқармасымен бірлесіп, Ақ үй жанындағы Тілшілер қауымдастығының кешкі асында металл іздегіштері бар негізгі тексеру аймағына жақын жерде болған атыс оқиғасын тергеп жатыр.

Сондай-ол президенттің, бірінші ханым мен басқа да тұлғалардың қауіпсіз жерде екенін айтты. Бір адам ұсталды. Зардап шеккендердің немесе оқиғаға қатысы бар тұлғалардың жағдайы әзірге белгісіз, құқық қорғау органдары болған жағдайды тергеп жатыр.

АҚШ президенті Дональд Трамп біраз уақыттан кейін өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде оқиғадан кейін алғаш жазба жариялады. «Вашингтондағы кеш керемет өтті. Құпия қызмет пен құқық қорғау органдары тамаша жұмыс атқарды. Олар жылдам әрі батыл әрекет етті», – деп жазды Трамп. Ол сондай-ақ күдікті атқыштың ұсталғанын қосты. Кейінірек Дональд Трамп және елдің жоғары лауазымды тұлғалары Washington Hilton қонақүйінен кеткенін, ал іс-шараның кемінде бір айға кейінге қалдырылғаны белгілі болды.

CNN мәліметінше, билік күдікті атқыштың жеке басын анықтаған ол – Калифорниядан келген 30 жастағы ер адам. Телеарнаның үш дереккөзі Құпия қызмет агентінің жараланғанын хабарлаған. Айтуларынша, оқ агенттің қорғаныс жабдығына тиген, содан кейін ол жергілікті ауруханаға жеткізілген. Қазір агенттің жағдайы белгісіз. Бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.