”Күреске серпін береді”: Жайдарманшының басшылық қызметке тағайындалуына қатысты түсініктеме берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Күреске серпін береді”: Жайдарманшының басшылық қызметке тағайындалуына қатысты түсініктеме берілді

”Күреске серпін береді”: Жайдарманшының басшылық қызметке тағайындалуына қатысты түсініктеме берілді

Түркістан облыстық күрес федерациясының төрағасы Нұрбол Еребаев жайдарманшы Мансар Орынханның тағайындалуына байланысты түсініктеме берілді.

  • 27 Сәуiр
  • 7
Фото: www.instagram.com/mansar.million/

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

”Медиа сала бойынша Мансұр Орынханды тағайындадық. Қазір көп адамдар талқылап жатыр. Өздеріңіз білесіздер, облысымызда 2 миллиондай тұрғын болса, Мансұр бауырымыздың 850 мың оқырманы бар. Кез келген турниріміздің бәрін, палуандарымыздың белдесуін түсіріп, соның бәрін елге жеткізетін осы бауырымыз. Залда әрі кетсе 5-10 мың адам жиналар, мында 850 мың қаралым болып, медиа саласына жақсы үлесін қосады. Жалпы біздің күреске серпін береді деген ойдамын”, — деді Нұрбол Еребаев.

Естеріңізге сала кетейік, танымал жайдарманшы Мансар Орынхан Түркістан облысы күрес федерациясының вице-президенті болып тағайындалған еді.