”Міржақыптың кальян шеккенін айтып қалсақ бытшытымызды шығарып қалу мүмкін” - Әлия Әшім - kaz.caravan.kz
  • $ 457.21
  • 534.62
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Міржақыптың кальян шеккенін айтып қалсақ бытшытымызды шығарып қалу мүмкін” - Әлия Әшім

”Міржақыптың кальян шеккенін айтып қалсақ бытшытымызды шығарып қалу мүмкін” - Әлия Әшім

Блогер Әлия Әшім ұлы тұлғалардың да кемшілігі болғанын айтты.

  • 29 Сәуiр
  • 14
Screenshot

Бұл туралы ол “Kitapal” YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Бұл үшін хейт болып қалар, кешірім сұраймын. Менің ойымша Абайдың насыбай атқанын, Міржақыптың кальян шеккенін болмаса Абайдың да орнынан қозғалмай, төсегін жинамайтын адам болатынын айтып қалсақ бытшытымызды шығаруы мүмкін. Бірақ ол факт, оны Тұрағұлдың естелігінде де жазады. “Тамаша адамсыз. Біреу киіндіреді, біреу төсегіңізді жинайды, біреу аузыңызға тамақ тосады, сізге тек ұйықтау қалды” деген Тұрағұлдың естелігі бар”, — деді блогер.

Сондай-ақ, блогер Дінмұхаммед Қонаев туралы да сөз етті.

”Қонаевты да кезінде әулие қылды. Қонаевтың да минусы да, плюсі де бар. Кейін Қаныш туралы кітап шыққан кезде біз оны жерлеп тастадық. Бірақ кез келген адамның шатысқан тұсы болады, дұрыс істеген қадамы болады”, — деді Әлия Әшім.