Импровизация, энергия және арман: JAZZ TIME ASTANA байқауы қалай өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.55
  • 540.38
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Импровизация, энергия және арман: JAZZ TIME ASTANA байқауы қалай өтті

Импровизация, энергия және арман: JAZZ TIME ASTANA байқауы қалай өтті

JAZZ TIME ASTANA байқауы қалай өтті

  • 30 Сәуiр
  • 6
Фото: fnn.kz

Үш күн бойы Астана, Көкшетау, Қарағанды, Павлодар және Алматы қалаларындағы балалар музыка және өнер мектептері мен колледждерінің дарынды шәкірттері «JAZZ TIME ASTANA» республикалық джаз байқау-фестивалінде өнерін ортаға салды.

Фото: fnn.kz

2026 жылы 27-29 сәуір аралығында Е. Рахмадиев атындағы Үлкен зал сахнасы джаз энергиясының, импровизация мен жарқын жаңалықтардың ордасына айналды.

Фото: fnn.kz

Ауқымды жас орындаушылар байқауын Қазақ ұлттық өнер университеті Күләш Байсейітова атындағы оқу орны ұйымдастырып, оған Нұрсұлтан Назарбаев Қоры демеушілік қолдау көрсетті. 

Фото: fnn.kz

Байқау джаз өнерінің дамуына, білім алушылар мен педагогтердің шығармашылық өсуіне, сондай-ақ білім беру мекемелері арасындағы кәсіби байланысты нығайтуға ықпал етеді.

Фото: fnn.kz

Байқауға 10 бен 19 жас аралығындағы 60 жас орындаушы қатысып, әлемдік джаз классиктерінің туындыларын шеберлікпен орындады. Әрбір өнер көрсету өзіндік ерекше мәнерімен және интерпретациясымен дараланды.

Фото: fnn.kz

Қатысушылар «Эстрадалық ән айту» және «Эстрадалық аспаптар» аталымдары бойынша сынға түсті.

Фото: fnn.kz

Көрермен қауым сахнадан шынайы сезім мен жас өнерпаздардың үлкен өнер жолына жасаған алғашқы қадамын тамашалады. 

Фото: fnn.kz

Қатысушылардың өнерін Қазақстанның белгілі мәдениет қайраткерлері мен тәжірибелі педагогтерден құралған жоғары кәсіби қазылар алқасы бағалады.