Елде неке саны қай қалада жоғары екені белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 462.91
  • 542.16
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елде неке саны қай қалада жоғары екені белгілі болды

Елде неке саны қай қалада жоғары екені белгілі болды

Қазақстанда қай қалада тіркелетін неке саны көп екені белгілі болды

  • 3 Мамыр
  • 2
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Неке қию саны бойынша көш басында – Алматы. «КТК» телеарнасының мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері мегаполисте 4600 жаңа отбасы құрылған. Статистикаға сүйенсек, Алматыда күн сайын шамамен 70 жұп некесін тіркейді. Орта есеппен әйелдер 29 жаста тұрмысқа шықса, ер адамдар 32 жаста үйленеді.

Сюжетте айтылғандай, биылғы ең егде күйеу жігіт – 92 жастағы зейнеткер, ал ең жас жұп небәрі 16 жасқа енді толған.

Соған қарамастан, қалада ажырасу көрсеткіші де аз емес. Жыл басынан бері 934 жұп ажырасқан. Әдетте ер адамдар ажырасуға 39 жас шамасында, ал әйелдер 37 жас шамасында шешім қабылдайды.