Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Бұл туралы ол отандық журналистерге берген сұхбатының бірінді айтты.
«Интеллегент деген сөзді сіз біліммен ұштастырып отырсыз. Ол біліммен мүлдем ұштаспайтын дүние. Білімді адам — интеллегент болуы шарт емес, ол тең болады деген белгіні қою керек емес ол жерде. Интеллегент ол — моральдық категория. Мысалы, жоғары білімі жоқ менің әжем — интеллегент адам болды. Қазақтың тектілік дегеніне келеді.
Мысалы, орыстың «пошлось» деген сөзіне аударма жоқ. «Пошлость» дегенді кейбіреулер арсыздық дейді, кейбіреулер боқауыз сөз айтқан адаммен шатастырады. Ол оны ұстап көруге, оны аударып көруге келмейтін өте қиын категория. Көзге көрінбейтін бір шекара.
Мысалы, жақында өзімнің басымнан өтті бір оқиға. Біздің «Қазмедиада» бәленбай жұрт жұмыс істейді. Жүргізуші, журналист, техник, күзетшілер бар. Бұл — телевизия. Соған кезінде телевизияда жұмыс істеп, қазір көбіне-көп YouTube-те, кәсіпкерілкте жүрген бұрынғы әріптестеріміз: «Қазір ешкім көрмейді ғой телевизияны, сіз әлі сонда жүрсіз бе? Неге YouTube-ты дамытпайсыз» деген сұрақ қойды. Маған жүрегіме қатты тиді.
Ол мен үшін тұрпайы, әдепсіз сұрақ және моральдық тұрғыдан ол кісі олай айтуға хақысы жоқ. Егер ол не айтып тұрғанын түсінетін болса. Өзің ішкен құдығыңа түкірме деген нәрсе бар ғой. Сенің жолың мүмкін басқа болды, жол айырығында мүмкін басқа нәрсені таңдадың. Мысалы, YouTube арнасына ашуға материалдық қауқары жоқ қанша адам жүр, мысалы?
Нанын сол жерде тауып, сол жердің ортасын қимай жүрген қанша адамдар бар. Мүмкін таңдауы жоқ, тек қана мәжбүрлікпен жүрген қанша адам бар шығар. Түрлі жағдайлар болады ғой? Бірақ сен сол жердің нанын жеп, суын ішкеннен кейін кешегі әріптестеріңе ондайды айтуға хақың жоқ.
Және олай деп айтудың өзіне, менің арым шыдамады. Бірақ бір райы келгенде, кейін уақыт өткеннен кейін мен айттым. Өйтіп, асылық жасауға болмайды, өйткені әр адамның басындағы жағдайы әр түрлі», — деді журналист.