Бұл туралы ол журналист Майя Бекбаеваның бағдарламасында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Мен Астанадан, ол Алматыдан Ақтауға ұшып бардық. Туысқанымыздың ұзату тойына. Құман ақ батамды беремін деді. Біз құттықтадық, бәрі керемет болды. Той соңында барлық адамдар шаршайды, ол да солай шаршаған шығар деп ойладым. Шұғыл түрде бірдеңе жасау керектігін білген жоқпын. Көлікке отырып, ана туралы ән айтты. Бұл оның сүйікті әні еді. Оның көп ұзамай кетіп қалатынын білген жоқпын. Көліктен шығып, қонақ үйдегі дәлізде диванға отырды. Артқа қарап, қайта алға қарасам болды, мен не істей алар едім”, — деп Халық әртісі сұхбат барысында жылап қалды.