Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Өнер иесі қуанышты жаңалықпен өзінің Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті.
«Құрметті оқырмандарым, сүйінші! Шиқылдағым аға болды, қарындасы аман-есен дүниеге келді. Біздің көптен күткен ханшайымымыз. Аллаға мың шүкір, тәубә. Күтіп жүрген жандарға жұғысты болсын. Кішкентай Балқия. Алдын ала барша құттықтауларыңызға рақмет», — деді Нұргүл Мыңғатова.
Желі қолданушылары мен актрисаның әріптестері жылы лебіздерін жарыса жазуда.
«Бауы берік болсын», «Маңдайының бағы бес елі қыз болсын, маған жұғысты болсыншы», «Керемет, өзің сияқты халықтың қызы болсын», «Сіз екеуміз бір дәрігерге қаралып жүрдік, қандай керемет, бауы берік болсын», — деп жазды олар.