”Табысын жасырып, соттасып жүр”: Тамара Асардың күйеуінің бұрынғы әйелі дау шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 465.01
  • 543.55
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Табысын жасырып, соттасып жүр”: Тамара Асардың күйеуінің бұрынғы әйелі дау шығарды

”Табысын жасырып, соттасып жүр”: Тамара Асардың күйеуінің бұрынғы әйелі дау шығарды

Әнші Тамара Асардың күйеуі Бекмырза Жұмаш Айтжанұлының бұрынғы әйелі отбасы мен бизнеске қатысты даулы мәселе көтерді.

  • 6 Мамыр
  • 87
Фото - Turkystan.kz, https://www.instagram.com/visioncoach22. Коллаж - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Бір әке бұрынғы некедегі балаларына көмектесіп, қызметкерлеріне пәтер сыйлап жатса, енді бір әке кәмелетке толмаған балаларының оқу ақысын төлеуден бас тартып, соттасып жүр.

Астық» зауыты (zavodasstyk) — Қазақстанда элеваторларды элеваторлық жабдықтармен қамтамасыз ететін жалғыз кәсіпорын, 2014 жылы салынған. Іргетасы 2012 жылы қаланған, сол кезде Жүсіпбеков Жұмабек Айтжанович — қазіргі Бекмырза Жұмаш Айтжанұлы — менімен заңды некеде болған.

Араға 8 жыл салып, ол менімен заңды некеде бола тұра, Тамара Асарға кетіп қалды және бүкіл бизнесті өзімен бірге алып кетті. Егер біздің некемізде ол осы бизнесті құрып, некеден тыс туған ұлына (иманды болсын) өзінің тегін беріп, оны мен 11 жастан 18 жасқа дейін тәрбиелеп өсірсем, екінші некесінен туған үлкен қызын қамтамасыз етсе — қазіргі некесінде ол аты-жөнін өзгертіп, біздің ортақ некеден туған балаларымен мүлде араласпайды және олардың медициналық, білім беру немесе басқа да қажетті шығындарына көмектеспейді.

Ажырасуға өзі өтініш беріп, мені шамамен 40 жасымда табыссыз қалдырды. Зауыттағы жалақымнан айырып, оны алиментпен алмастырды, ал ол қаражат балалардың лайықты білім алуына жеткіліксіз”, — деп жазды Эльвира Жүсіпбекова.

Жұмаш Бекмырзаның қарындасы Әсел Жүсіпбекова бұрынғы жеңгесінің сөзін жоққа шығарды.

”Сен Жаратқанға өміріңде менің ағам Жұмаштай адамды кездестіргенің үшін шүкір айтуың керек — ол жауапкершілігі жоғары әке, мейірімді әрі ақылды жан. Ол өзін өзі жасаған адам: жастайынан еңбек етіп, маңдай терімен бүгінгі жетістігіне жетті. Сені қандай жағдайдан шығарып, лайықты, қалыпты әрі жеткілікті өмірмен қамтамасыз етті. Тіпті құжаттарың болмаған кезде де жасап берді. Әкеңді көшіріп әкеліп, оған пәтер сатып алып берді. Ажырасқанда бүкіл жылжымайтын мүлікті — бірнеше пәтерді, қала орталығындағы коттеджді, сұлулық салонын, премиум көлікті саған қалдырды. Балаларға көмектесті және әлі де көмектесіп келеді. Сен оның үлкен ұлын бірнеше рет үйден қуып жібердің, сонда ол ұлымен бірге кетіп қалатын”, — деді қарындасы.

Instagram-нан скрин