"Кигім келді, кидім. Шешкім келді, шештім": Тағы бір танымал блогер хиджабын шешті - kaz.caravan.kz
  • $ 465.01
  • 543.55
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Кигім келді, кидім. Шешкім келді, шештім": Тағы бір танымал блогер хиджабын шешті

"Кигім келді, кидім. Шешкім келді, шештім": Тағы бір танымал блогер хиджабын шешті

Sajol есімімен танымал блогер Сымбат Қасымова хиджабын шешкенін мәлімдеді.

  • 6 Мамыр
  • 495
Фото: www.instagram.com/_sajol. Коллаж: Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол Instagram желісіндегі парақшасында видео жариялап, өмірінің жаңа кезеңі басталғанын айтты.

«Өсек аңду, көре алмаушылық пен қараңғылық көп өмірде жарқырап жалындаған от болғым келеді екен. Жаңа кезең», — деп жазды ол.

Сондай-ақ, Сымбат Қасымованың бұл шешіміне қатысты оқырмандары түрлі пікір жазуда. Блогер оқырманының «Неге кидің, неге шештің» деген сұрағына жауап берген.

«Қатты кигім келді, кидім. Шешкім келді, шештім. Болды. Оның несі түсініксіз? Біраз уақыттан кейін қайта кигім келсе, тағы да орамалға келемін. Өмір болған соң адам өлгенше өзімен, өз ойларымен күреседі. Бастысы сол күресте жеңілмей, адам болып шығу”, – деп жауап берген ол.

Сонымен қатар ол оқырмандарын батыл болуға шақырды.

“Қателесуден қорқып өмір сүремін деп, өміріңіздің қалай өтіп кеткенін білмей қалмаңыз. Кейін бойыңыздан күш-қуат кеткенде “Жас кезде неге жасап көрмедім екен?” деп өкінгенде кеш болады», – деп жазған ол.