Бұл туралы ол мәжіліс мінберінде айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Осы бүгін қаралып жатқан заң жобасының аясында тағы бір мәселені біздер, депутаттар ұсындық. Өздеріңізге жақсы мәлім мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жануарларға қатыгездік қарау мәселесіне байланысты жауапкершілікті күшейту дейтін мәселені қойған болатын. Бұдан басқа жануарлардың иесіне қатысты жауапкершілікті күшейту дейтін мәселе айтылған. Өйткені бұл мәселе үлкен резонанс болып тұр”, — деді мәжіліс депутаты.
Сондай-ақ, Еділ Жаңбыршин жануарлардың иелеріне жауапты болуды тапсырды.
”Кім жануарларға қатыгездікпен қарайды, кім жануарларға дұрыс қарамайды, жауапкершілікпен қарамайды оған қатаң шара қолданылатын болады, заңның аясында. Сондықтан осы заңды қолдауларыңызды сұраймыз! Басқа да әлі пысықталатын мәселелер бар. Екінші оқымға дейін соның бәрін реттейтін боламыз”, — деді депутат.