"Сүйінші": Қазақ жігіті Лондондағы ең қымбат ауданның мэрі болып сайланды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сүйінші": Қазақ жігіті Лондондағы ең қымбат ауданның мэрі болып сайланды

"Сүйінші": Қазақ жігіті Лондондағы ең қымбат ауданның мэрі болып сайланды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. Отандық БАҚ таратқан мәліметке сәйкес, бұл аудан Букингем сарайының маңында орналасқан.

  • 8 Мамыр
  • 17
Фото: Instagram/sanabishev

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Отандық БАҚ таратқан мәліметке сәйкес, бұл аудан Букингем сарайының маңында орналасқан. Мұнда корольдікке тиесілі нысандар, Сент-Джеймс саябағы және Ұлыбританиядағы ең қымбат жылжымайтын мүліктер шоғырланған.

Санжар бұл елде мектеп жасынан бері тұрады. Белгілі Malvern College оқу орнын және университетті тәмамдаған. Сәуір айында 33 жасқа толған ол Консервативтік партия атынан Westminster City Council құрамына өтіп, басты қарсыластары — лейбористерден 350 дауыспен озып шыққан.