11 мамырда елімізде 1–6 градусқа дейін үсік болуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
11 мамырда елімізде 1–6 градусқа дейін үсік болуы мүмкін

11 мамырда елімізде 1–6 градусқа дейін үсік болуы мүмкін

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 9-11 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

  • 10 Мамыр
  • 4
Фото: Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.

«9 мамырда елдің оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде, ал 10–11 мамыр күндері шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Кей жерлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, оңтүстік өңірлерде шаңды дауылдар болжанады. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түсуі ықтимал», — делінген хабарламада.

Синоптиктер болжамынша, ел аумағында ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі. 11 мамырда республиканың солтүстік жартысында түнгі уақытта 1–6 градусқа дейін үсік болуы мүмкін.

Күндізгі ауа температурасы:
батыста +13…+28°С,
солтүстік-батыста +10…+18°С,
солтүстікте +5…+13°С,
орталықта және шығыста +8…+18°С,
оңтүстікте +17…+26°С,
оңтүстік-шығыста +15…+22°С,
таулы аудандарда +8…+13°С болады деп күтіледі.