Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтеді

Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтеді

15 мамыр күні Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымы Мемлекет басшылары кеңесінің бейресми саммиті өтеді. 

  • 10 Мамыр
  • 4
Фото: Caravan.kz

 Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жиынның негізгі тақырыбы – «Жасанды интеллект және цифрлық даму». Алқалы жиында  Қазақстан Республикасы төрағалық етеді. Саммитте цифрлық дәуірдегі ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен басым бағыттарын жан-жақты талқыланады. Оған:

  • ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары;
  • Бақылаушы елдердің жоғары лауазымды өкілдері;
  • Ұйымның Бас хатшысы;
  • Ақсақалдар кеңесінің өкілдері;
  • Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының өкілдері де қатысады.

“Бұл бейресми саммит түркі мемлекеттері арасындағы стратегиялық диалогты өркендетудің маңызды тұғырына айналмақ. Саммиттің негізгі міндеті – жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізу арқылы тұрақты экономикалық дамуға қол жеткізу, мемлекеттік басқаруды сапалы деңгейге көтеру және  өңірлік өзара байланысты нығайту”, – делінген хабарламада.

Ресми бағдарламаға сәйкес, Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы қарсаңында ТМҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің жиыны өтеді деп жоспарлануда.

 Саммиттің Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанда өтуі түркі халықтарының ортақ тарихи мұрасы мен цифрлық болашаққа деген бірлескен ұмтылысы арасындағы сабақтастықтың айқын айғағы. Бұл басқосу түркі мемлекеттері арасындағы бірлік пен ынтымақтастықты нығайтып, нәтижеге бағытталған өзара іс-қимылды жаңа деңгейге көтермек.