Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлттық статистика бюросы сәуірдеқай аймақта баспана көп сатылғаны туралы дерекпен бөлісті.
«2026 жылдың сәуірінде тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 35 154 мәміле тіркелген, наурыз айымен салыстырғанда (28 493 мәміле) мәмілелер саны 23,4% өскен», — деп жазылған хабарламада.
Мәмілелер бойынша көш бастап тұрғандар:
Алматы – 6 498
Астана – 6 193
Қарағанды облысы – 2 841
Статистикаға сәйкес, пәтерлер бойынша барлығы 27 331 мәміле жасалған. Бұл мәмілелердің жалпы санының 77,7% құрайды. Жеке тұрғын үйлер бойынша — 7 823 мәміле.