“Бір қатты зат тигенін білемін”: 17 жасар қызды бір топ жігіт зорлаған - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Бір қатты зат тигенін білемін”: 17 жасар қызды бір топ  жігіт зорлаған

“Бір қатты зат тигенін білемін”: 17 жасар қызды бір топ жігіт зорлаған

Журналист Руслан Өтепбай 17 жасар қызды бір топ жігіт зорлағанын айтып, қызбен болған сұхбатты жариялады.

  • 20 Мамыр
  • 5
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жариялады, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Журналист Руслан Өтепбайға 17 жасар қыз хабарласып, өзін бір топ жігіт зорлағанын айтты. Ол кезде бойжеткен небәрі 16 жаста болған. Оқиға Алматы қаласында орын алған.

”Ол менің сыныптасым, екеуміз бір ауылда өскенбіз. Оның анасы менің сынып жетекшім. Қайтадан екінші арақты құяды, одан кейін мен есімді толықтай жоғалтып аламын, мен білмеймін. Мен сол жерде ұйықтап қалғанмын. Ең алғаш көзімді ашқан уақытта, менің қасымда Бекзат жатты, мен жалаңаш болдым. Көзімді аштым, қарадым, одан кейін қайтадан есімді жоғалтып алдым. Есімді екінші рет жиған кезде, жуынатын бөлмеде тұрмын, қолымнан екі жігіт ұстап тұр. Бірі Бекзатхан, мен оны даусынан танимын, екінші баланы таныған жоқпын. Сонымен мен қайтадан есімді білмеймін. Олар мені қалай әкеліп жатқызғаны мүлдем есімде жоқ. Мен 3-рет есімді жиған уақытта Бекзатхан менімен жыныстық қатынасқа түсіп жатты. Мен астында жаттым, ол менің үстімде тұрды. Мен есімді жиған уақытта Бекзатханның оң жақ кеудесінен тептім. Тепкеннен кейін ол мені аяғымнан қысып ұстап, менің денеме бір қатты зат тигенін білемін”, — деді 17 жасар қыз.