"Рингті сағындық": Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне қуанышты жаңалығын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Рингті сағындық": Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне қуанышты жаңалығын айтты

"Рингті сағындық": Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне қуанышты жаңалығын айтты

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады.

  • 20 Мамыр
  • 5
Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол Instagram желісіндегі парақшасында желтоқсан айында әлем чемпионы титулын қорғайтынын айтты.

«6 жасымда қолғап киіп едім, міне 27 жылдан бері рингте жүр екем! Бір іспен тұрақты түрде 27 жыл айналысу да оңай емес! 4 бұрышты рингте не көрмедік?! Әлі де көреріміз көп! Рингті сағындық! Жанкүйерлердің де өнерімізді сағынып қалғанын білемін! Бұйыртса желтоқсанда әлем чемпионы титулымды қорғаймын!», — деп жазды ол.

Еске салайық, 2025 жылдың 7 желтоқсанында Жәнібек Әлімханұлы WBA чемпионы Эрисланди Ларамен орта салмақта үш чемпиондық белдік үшін жекпе-жек өткізуі тиіс болатын. Алайда кездесуге бірнеше күн қалғанда қазақстандық боксшының допинг сынамасынан мельдоний анықталып, жекпе-жек кейінге шегерілді. Нәтижесінде Лара рингке венесуэлалық Йохан Гонсалеспен (36–5, 34 KO) жолығып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті. Ал Әлімханұлы World Boxing Organization (WBO) шешімімен 2025 жылғы 2 желтоқсанынан 2026 жылдың соңына дейін кәсіпқой бокстан уақытша шеттетілді.