Қазақстанның өңірлік мектептерінде робототехника мен инженерия бағытындағы заманауи білім беру кеңейіп келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның өңірлік мектептерінде робототехника мен инженерия бағытындағы заманауи білім беру кеңейіп келеді

Қазақстанның өңірлік мектептерінде робототехника мен инженерия бағытындағы заманауи білім беру кеңейіп келеді

Қазақстанның өңірлік мектептерінде робототехника мен инженерия бағытындағы заманауи білім беру кеңейіп келеді

  • 21 Мамыр
  • 3
Фото: fnn.kz

 «Ozyq urpaq» ауқымды білім беру бағдарламасы қазақстандық оқушыларға робототехника бағытындағы озық білім беруді жалғастырып келеді.

Фото: fnn.kz
Фото: fnn.kz
Фото: fnn.kz

Петропавл, Павлодар және Талдықорғанда жобаның жүзеге асырылу кезеңі қорытындыланды. Аталған қалаларда жоба былтыр қарашадае 2026 жылдың мамырына дейін іске асырылды. Осы уақыт аралығында 15 жалпы білім беретін мектептің мыңнан астам оқушысы робот құрастыру, бағдарламалау, электроника және инженерия салалары бойынша білім алды.

Фото: fnn.kz
Фото: fnn.kz
Фото: fnn.kz

«Алдымен біздің мамандар өңірлердегі мектеп мұғалімдерін оқытып, жаңа білім береді. Кейін педагогтер сол білімді оқушыларға сабақ барысында үйретеді. Биыл 35 мұғалім балаларға дәріс өткізді. Жобаға 4 жылдан бері демеушілік қолдау көрсетіп келе жатқан Нұрсұлтан Назарбаев Қорына алғыс білдіреміз», — Robotek робототехника мектебінің директоры Санжар Шалқарбеков. 

Фото: fnn.kz
Фото: fnn.kz
Фото: fnn.kz

Оқу аяқталғаннан кейін оқушылар алған білімдерін өңірлік робототехника турнирлерінде сынап көруге мүмкіндік алады. Әр өңірдегі іріктеу кезеңдерінің үздік екі командасы Grand Tournament Astana халықаралық турниріне қатысады.

Фото: fnn.kz
Фото: fnn.kz
Фото: fnn.kz

Жобаның әр маусымы оған қатысқан барлық мектепке сертификаттар мен robotek.kz білім беру платформасына бір жылдық жазылым табыстаумен аяқталады.

Фото: fnn.kz
Фото: fnn.kz
Фото: fnn.kz

Жалпы, жоба жүзеге асырылған 4 жыл ішінде 11 қала мен 55 мектеп қамтылып, 4040 оқушы жаңа білім алды, ал 133 мұғалім біліктілігін арттырды.