”Пластикалық отаны дипломы жоқ адамдар жасап жүр”: Заңгер дабыл қақты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Пластикалық отаны дипломы жоқ адамдар жасап жүр”: Заңгер дабыл қақты

”Пластикалық отаны дипломы жоқ адамдар жасап жүр”: Заңгер дабыл қақты

Заңгер Айгүл Орынбек “пластикалық хирургия клиникасында қайтыс болды” деген Сәуле Базархан туралы пікірімен бөлісіп, дабыл қақты.

  • 22 Мамыр
  • 8
Фото - Жасанды интеллект

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Құқыққорғаушы заңгер ретінде ресми түрде дабыл қағым келемін!

Қазақстанда адам денсаулығы бизнеске айналып кетті. Ең қорқыныштысы — бүгін пластикалық отаны дәрігер емес, дипломы да, білімі де жоқ адамдар жасап жүр!

Клиникалар халықты алдаудың оңай жолын тапқан: есіктен кірген адамға «бәріне өзіңіз жауаптысыз» деген қағазға қол қойдырады да, кейін адам мүгедек болып қалса да, жауапкершіліктен сытылып шыға келеді.

Бұл қандай заңсыздық?!
Бұл қандай бассыздық?!

Тіпті кейбір сұлулық салондары операция жасайтын орынға айналған. Кеше ғана бет тазалап отырған адамдар бүгін «хирург» болып кеткен. Тіпті күні кеше адам өлді, жылап жүргендері қаншама.

Қаншама қыздарымыздың беті бүлініп, осымен алтыншы адам пластикалық отадан қайтыс болған.

Қазір елімізде медицина саласы бақылаудан шығып барады. Ақ халат киіп алғанның бәрі дәрігер емес екенін халық кеш түсініп жатыр.

Бір адамның тағдыры ойыншық емес!
Халықтың денсаулығын табыс көзіне айналдырғандарға заң алдында аяусыз жаза болуы керек”, — деп жаздв заңгер.

Еске сала кетейік, блогер Сәуле Базарханның ісіне байланысты Алматы қаласы Бостандық ауданында қылмыстық іс қозғалып, полиция тергеу-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.