“Мөлдірді жұлып жеп жатсың”: Емші Бағдагүл Баян Алагөзованы қатаң сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Мөлдірді жұлып жеп жатсың”: Емші Бағдагүл Баян Алагөзованы қатаң сынға алды

“Мөлдірді жұлып жеп жатсың”: Емші Бағдагүл Баян Алагөзованы қатаң сынға алды

Ақтөбелік емші Бағдагүл танымал продюсер Баян Алагөзованы қатаң сынға алды.

  • 25 Мамыр
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Tiktok желісіндегі парақшасында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Баян деген менен өткен сорақы екен.”Женская солидарность” дегені жоқ әйел екен. Мөлдірге тиісуге ешқандай хақың жоқ. Жас кезінде ондай бәрінде де болады. 50-ге келіп сен кімге күліп отырсың? Сен жыртықсың, ол тесік. Кімге күліп отырсың? “Жыртық тесікке күліпті” деп отырсың ба? Сіз тоқтатыңыз! Қазіргі Мөлдірдің нағыз қазақ аруының сипаты. Енді келіп алып жалғыз Мөлдірді келіп, жұлып жеп жатсың. Баянды тоқтатыңыз! Өткен жолы ескерттім, қазақ қыздарын қорғауға ешқашан жалықпаймын. Болды ғой, жетер”, — деді емші.

Естеріңізге сала кетейік, продюсер Баян Алагөзова өзінің шәкірті Мөлдір Әуелбекова туралы “КешYou” тобына арналған деректі фильмде айтқан еді.

”Ол бес жыл бойы өзінің ұстазы Бағымның жүрегіне пышақ сұғып келді. Бағым, Баголя деп оның бешбармағын, лағманын жеп келіп, оның үйінде тұрды. Ол маған келіп кешірім сұрағанда, “саған ешқандай ренішім жоқ”, барып Бағымнан кешірім сұра дедім. Ол Бағымға барып, оны Бағым кешірген сияқты. Бұл ауырсынумен Бағым 15 жыл бойы өмір сүріп келеді.”, — деді продюсер.