Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Боксшы “1001 түн” бағдарламасына берген сұхбатында спорттық керек-жарақтарды алу үшін әкесінің үш жерде жұмыс істегенін айтты.
”Боксқа баратын кезде әке-шешеміз, ағамыз жолға ақша тауып беретін. Анамыздың негізі мамандығы мейірбике болса да мектепте еден жуатын, ал әкеміз күзетші болды. Керек-жарағымызды алып беру үшін әкеміз үш жерде жұмыс істеді. Еңбектерінің арқасында бізді өсірді. Аллаға шүкір, қазіргі таңда елдің намысын қорғап жүрміз. Ата-анамыз да еңбегінің жемісін көріп отыр”, — дейді ол.
Сондай-ақ, ол” Қазақтың Ломаченкосы” деген теңеуді қалай қабылдайтынын да айтты.
“Украинаның Василий Ломаченко деген боксшысы бар. Екі дүркін Олимпиада чемпионы. Өзім іштей соның өнеріне қызығатынмын. 2021 жылы Сербияда әлем чемпионаты өтті. Сол жерде бес кездесу өткіздім. Сол әлем чемпионатынан кейін мені “Қазақтың Ломачнкосы” деп атап кетті. Негізі оған дейін бапкеріміз екеуміз жаттығу залында Ілияс ағайымыз екеуміз теледидардан Ломаченконың жекпе-жектерін көріп, жақсы жақтарын үйренетінбіз. Жалпы Ломаченкоға теңеп жатса, мен үшін мәртебе. Сол сияқты боксшы болу — арманым”, — дейді Махмұд Сабырхан.