Тоқаев пен Путин Астанада ресейлік "Сириус" мектебінің құрылысын бастап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.55
  • 563.38
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев пен Путин Астанада ресейлік "Сириус" мектебінің құрылысын бастап берді

Тоқаев пен Путин Астанада ресейлік "Сириус" мектебінің құрылысын бастап берді

Қазақстан мен Ресей президенттері Астанадағы "Сириус" мектебінің құрылысын бастап берді.

  • 28 Мамыр
  • 5
Фото: Ақорда.кз

Бгл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ақорданың мәліметінше, Тоқаев пен Путин онлайн-форматта «Қазақстан – Сириус» халықаралық білім беру инфрақұрылымының капсуласын салу рәсіміне қатысты.

“Келешек кешеннің іргетасына рәміздік капсуланы елордалық оқушылар Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменовамен, «Сириус» федералдық аумақ кеңесінің төрағасы, «Талант и успех» қорының жетекшісі Елена Шмелёвамен бірге салды. «Қазақстан – Сириус» жобасы мемлекеттер басшыларының уағдаластығына сай іске асырылып жатыр”, – делінген Ақорда хабарламасында. 

«Сириус» моделі бойынша мектептер Қазақстанның екі қаласында салынады. Астанамен қатар биыл қаңтар айында Алматы қаласында да мектеп пен орталықтың іргетасы қаланған.

“Жобаның мақсаты – дарынды балаларды қамқорлыққа алып, ғылым, технология және инновация салаларын терең меңгерген, бәсекеге қабілетті мамандардың жаңа буынын тәрбиелеп шығару”, – делінген хабарламада.