Қазақстанда циклон әсерінен жауын-шашын күшейеді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.55
  • 563.38
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда циклон әсерінен жауын-шашын күшейеді

Қазақстанда циклон әсерінен жауын-шашын күшейеді

Қазақстан аумағының басым бөлігінде 2026 жылғы 29 мамырда белсенді солтүстік-батыс циклонының жырасы мен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

  • 28 Мамыр
  • 7
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің мәліметінше, елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін.

Ал Қазақстанның оңтүстігінде жауын-шашынсыз, көбіне құрғақ ауа райы сақталады.

Сонымен қатар республика бойынша жел күшейеді, ал оңтүстік-батыс пен оңтүстіктің кей өңірлерінде шаңды дауыл болуы ықтимал.