“Мен ешкімге кет демеймін”: Әнші Баянсұлудың экс-продюсері бар шындықты жайып салды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Мен ешкімге кет демеймін”: Әнші Баянсұлудың экс-продюсері бар шындықты жайып салды

“Мен ешкімге кет демеймін”: Әнші Баянсұлудың экс-продюсері бар шындықты жайып салды

Баянсұлудың экс-продюсері Алишер Бурханов әншімен жұмысты тоқтатуға не себеп болғанын айтты.

  • 29 Мамыр
  • 165
Фот: Видеодан скрин

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол “Kezdesu” бағдарламасына берген сұхбатында Баянсұлу мен композитор Қуат Әбіловтың арасындағы дауда неге үнсіз қалғанын түсіндірді.

”Біріншіден, ол екі кісіні де жақсы көремін, өте қатты құрметтеймін. Ешқайсысынан қорқу жоқ. Құдайдан қорқамыз, шындықты айтамын. Қалғанын өмір өзі көрсете береді. Ұрыс-керіс, айқай-шуды жақсы көрмеймін. Екіншіден, ол нәрсе біткен іс болғаннан кейін оны ары қарай қазбалап, шулап жүргім келмейді. Ары қарай басқа тірлігімді жасауым керек. Екеуі де өте ақылды, сана биігі толықсыған кісілер”, — дейді ол.

Сондай ақ, ол даудың немен аяқталғанын да айтты.

”Қуат мырза әндерін берді. Өзара келісті. Баянсұлу әндерін айтып, концерттерге шығып жүр”, — дейді Алишер Бурханов.

Продюсер Баянсұлумен жұмысты неге тоқтатқанын да жасырмады.

”Әр адамның әр жерде миссиясы болады. Мүмкін, ол кісінің біздің командадағы миссиясы біткен шығар. Болмаса менің ол кісінің өміріндегі миссиям біткен шығар. Себеп іздеп, кинодағыдай жағдай болған жоқ. Жұмыс істеп, дамыған сайын көзқарастар сәйкес келмей қалады. Ұсыныс екі жақтан болды. Мен ешкімге кет демеймін”, — дейді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін композитор әншіге жазған бірнеше хит әні үшін қаламақы ала алмауы және авторлық құқыққа қатысты келіспеушіліктерден дау туындап, әлеуметтік желіде қызу талқыланған еді. Кейіннен екі тарап келісімге келгенін айтып, мәлімдеме жасады.