”Ер адамның боқтауы, қаталдығы - болашақтағы абьюзерліктің бастауы” - Мұхаммеджан Тазабек - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+34 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Ер адамның боқтауы, қаталдығы - болашақтағы абьюзерліктің бастауы” - Мұхаммеджан Тазабек

”Ер адамның боқтауы, қаталдығы - болашақтағы абьюзерліктің бастауы” - Мұхаммеджан Тазабек

Қоғам қайраткері Мұхаммеджан Тазабек қыз баласына абьюзер жігіттерді қалай анықтауға болатынын айтты.

  • 1 Маусым
  • 10
Screenshot

Бұл туралы ол Ерсін Сұлтан YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Ең бірінші жігіттің бойындағы тұрақтылық қасиеттеріне көңіл бөлу керек. Сөзінде тұра ма, сені қаншалықты бағалайды?! Жалпы жігіт не нәрсені құндылық деп есептейді. Кейде жігіт дөрекілік жасаса, қыздар соны еркектік, батырлық сияқты қабылдауы мүмкін. Боқтап жіберсе тіпті “еркін екен, еркін өскен екен” деп қыздар соған романтика ретінде қарап жатады. Ал ол боқтық ертең ұрудың немесе анау қаталдық болашақтағы абьюзердің бастауы болуы мүмкін екенін ойлай бермейді”, — деді Мұхаммеджан Тазабек.

Сондай-ақ, ол Дінмұхаммед Қонаевтың әйелімен қарым-қатынасын жастарға өте қажет екенін айтты.

”Қонаев атамыздың әйелімег қарым-қатынасы қазіргі жастарға өте керек қарым-қатынас деп ойлаймын. Былай қарасаң, атамыздың Зухра апамыздан перзенті болмады. Бірақ екеуі неге ажыраспады? Ортаны неге тек перзент ғана ұстап тұр ма? Басқа құндылық бар ма, жоқ па? Бар”, — деді ол.