Қой және сиыр еті 20 пайыздан астам қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.96
  • 569.49
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қой және сиыр еті 20 пайыздан астам қымбаттады

Қой және сиыр еті 20 пайыздан астам қымбаттады

Ет бағасы бірнеше жылдан бері тұрақты өсіп келеді

  • 2 Маусым
  • 7
Фото: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда бір жылда қой еті 24, сиыр еті 21 пайызға қымбаттады

Биыл қаңтар-сәуір айында Қазақстанда 25,7 мың тонна ірі қара мал, шошқа, қой, ешкі және жылқының жаңа және мұздатылған еті өндірілді. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,8%-ке аз. Екінші жыл қатарынан ет өнімін өндіру азайып келеді.

Бірақ сиыр мен жылқы етін тұтыну деңгейі артқан. Қой мен шошқа етін тұтыну біртіндеп азайған. Бұған бағаның өсуі себеп болуы мүмкін.

Айта кетері, Қазақстанда еттің барлық түрі айтарлықтай қымбаттады. Әсіресе ет биыл қатты қымбаттаған. Сәуір айының қорытындысы бойынша қой етінің бағасы бірден жылдық мәнде 23,5%-ке өсті. Сиыр еті 20,9%, жылқы еті 14,5%, шошқа еті 13,7% қымбаттады.

Жалпы, ет бағасы бірнеше жылдан бері тұрақты өсіп келеді, әсіресе сиыр мен қой еті айтарлықтай қымбаттап, тұтынушылар шығынын арттырып отыр.