Мемлекет басшысы Алатау қаласын дамытудың барысымен танысты - kaz.caravan.kz
  • $ 488.96
  • 569.49
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Алатау қаласын дамытудың барысымен танысты

Мемлекет басшысы Алатау қаласын дамытудың барысымен танысты

Мемлекет басшысы Алатау қаласын дамытудың барысымен танысты

  • 2 Маусым
  • 5
Фото: Ақорда.кз

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы облысына жұмыс сапары Алатау қаласын дамыту жоспарымен танысудан басталды.

Фото: Ақорда.кз
Фото: Ақорда.кз

Қазір аумағы 88 мың гектарды құрайтын қала 4 арнаулы бөлікке бөлінген. Шаһар 2050 жылға дейін кезең-кезеңімен дами береді. Сонымен қатар қаланы өркендетуде басымдыққа ие аумақтар мен табыс көздері айқындалып жатыр. Магистральды инфрақұрылымды жандандырудың жол картасы жүзеге асырылуда. Басқарудың жаңа моделін қалыптастыратын Конституциялық заң қабылданды.

Бүгінде Gate City тұрғын ауданында қызу жұмыс жүргізіліп жатыр. Мұнда бір «Жайлы мектеп» бой көтерді. Қалада «Маревен Фуд», «КНАУФ», Fruit Art, Dolce Pharm және Алматы желдеткіш зауыты секілді үлкен кәсіпорындар жұмыс істейді.

Фото: Ақорда.кз
Фото: Ақорда.кз

Бұдан бөлек, жалпы сомасы 2 триллион теңгеден асатын 53 инвестициялық жобадан тұратын пул жасақталды. Атап айтқанда, PepsiCo компаниясы Орталық Азиядағы картоп өңдейтін ең ірі зауыт салынып жатыр. Mars Petcare компаниясы үй жануарларына арналған азық өндіретін заманауи әрі бірегей жобаны қолға алды. KHAN TENGRI BIOPHARMA компаниясы дәрі-дәрмек мен медициналық қондырғылар шығарумен айналысады. «Исткомтранс» және G-Trans компаниялары логистикалық кластер құруда.

Мемлекет басшысына Iconic Complex жобасы таныстырылды. Бұл – Алатаудағы көпфункциональды озық кешендердің бірі. Қаладағы негізгі нысандар Gate District ауданында бой көтермек.

Фото: Ақорда.кз
Фото: Ақорда.кз
Фото: Ақорда.кз