"Азия біріншілігінде жоғары нәтиже көрсетуге ниеттіміз": Бақыт Сәрсекбаев U19 құрамасының алдағы жоспары туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 489.31
  • 568.33
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Азия біріншілігінде жоғары нәтиже көрсетуге ниеттіміз": Бақыт Сәрсекбаев U19 құрамасының алдағы жоспары туралы айтты

"Азия біріншілігінде жоғары нәтиже көрсетуге ниеттіміз": Бақыт Сәрсекбаев U19 құрамасының алдағы жоспары туралы айтты

Бокстан Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Бақыт Сәрсекбаев алдағы жоспарымен бөлісті.

  • 4 Маусым
  • 67
instagram/@b.sarsekbayev

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ол құраманың 19 маусымнан бастап қорытынды жаттығуға кірісетінін айтты.

«Бірнеше күн бұрын Мажарстанның Егер қаласынан келдік. Ласло Папп халықаралық турниріне 18 боксшымыз қатысты. Еншімізде 6 алтын, 6 күміс және 3 қола жүлде. Алдағы маңызды біріншілік 3-16 шілде аралығында Джакартада (Индонезия) өтетін Азия чемпионаты болмақ.

«Оған дейін Македониядағы халықаралық турнирге қатысып, 19 маусымнан бастап қорытынды жаттығу жиынын өткізу жоспарда бар. Азия біріншілігінде жоғары нәтиже көрсетуге ниеттіміз. Жастар сапындағы боксшыларымыз өз уақытында спорттық қалыпқа келіп жатыр. Барлығының болашақта жетістікке жетуге әлеуеті бар. Біз – жаттықтырушылар әр жекпе-жек алдында дұрыс бағыт-бағдар беріп, ақыл-кеңесімізді және бапкерлік пікірімізді жеткіземіз», — делінген федерация жариялаған хабарламада.

Сондай-ақ, ол қараша айындағы Олимпиадаға да дайындық жүріп жатқанын мәлімдеді.

«Биыл қараша айында Дакарда (Сенегал) жастар арасында Олимпиада ойындары өтеді. Бізде бір жолдама бар – 70 келіде Бибарыс Әшірбай. Сол боксшымыз жақсы нәтиже көрсетіп, абыроймен қатысамыз деген үміттемін. Олимпиада әр спортшы үшін ең биік шың екені анық. Бибарыс командамен бірге дайындық жүргізеді», — дейді Бақыт Сәрсекбаев.