Мемлекет басшысы елордада Ту көтеру рәсіміне қатысты  - kaz.caravan.kz
  • $ 489.31
  • 568.33
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы елордада Ту көтеру рәсіміне қатысты 

Мемлекет басшысы елордада Ту көтеру рәсіміне қатысты 

Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты.

  • 4 Маусым
  • 3
Фото: Ақорда.кз

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «Атамекен» этномемориалды кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты.

Құрмет қарауылының бастығы салтанатты іс-шараға дайындығы туралы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді.

Фото: Ақорда.кз

Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – қасиетті Отанымыз – Қазақ елінің әрбір азаматы үшін маңызы ерекше мереке. Біз осы күні байрағымызды биікке көтереміз. Сол арқылы еңселі, егемен ел екенімізді күллі әлемге паш етеміз. Қастерлі рәміздеріміз – ұлт құндылықтарының жарқын символы. Мемлекетіміздің әр нышаны халқымыздың болмыс-бітімінің көрінісі саналады. Елтаңба – елдігіміздің айшықты белгісі. Әнұран – азаттығымыздың айбынды үні. Көк Туымыз – Тәуелсіздік тұмары. Төбемізге көтеріп, қадір тұтатын осы үш рәмізді мемлекеттігіміздің мызғымас үштағаны десек, артық болмайды. Тарихқа үңілсек, жұртымыз әрқашан бір тудың астына жиналып, ынтымақ-бірлігін сақтай білген. Қазір де еліміз ауызбіршілігін нығайтып, алға қарай сеніммен қадам басып келеді, — деді ол.

Фото: Ақорда.кз

Айта кетейік, бүгін, 4 маусым – Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. Бұл мереке 1992 жылы тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы алғаш рет ресми түрде бекітілген тарихи күнге орай белгіленген.