"Каналды жауып тастасын, үйде тағы кішкентайларым бар, олар бармайды деп кім кепіл бере алады": Түркістан облысында екі бірдей баласы суға кеткен көп балалы ана елден жанұшыра көмек сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.31
  • 568.33
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Каналды жауып тастасын, үйде тағы кішкентайларым бар, олар бармайды деп кім кепіл бере алады": Түркістан облысында екі бірдей баласы суға кеткен көп балалы ана елден жанұшыра көмек сұрады

"Каналды жауып тастасын, үйде тағы кішкентайларым бар, олар бармайды деп кім кепіл бере алады": Түркістан облысында екі бірдей баласы суға кеткен көп балалы ана елден жанұшыра көмек сұрады

Түркістан облысында ағайынды екі бала суға ағып кетті. Олардың анасы ауыл маңындағы каналды жауып тастасын деп шағымданып, елге жанайқайын

  • 4 Маусым
  • 3
Фото: Instagram/kyn.kz

Түркістан облысында ағайынды екі бала суға ағып кетті. Олардың анасы ауыл маңындағы каналды жауып тастасын деп шағымданып, елге жанайқайын жеткізді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Анасының айтуынша, 8 жастағы Юсуфахмет пен 13 жастағы Диасты құтқарушылар тәулік бойы іздеген. Ақыры бірінің мәйіті ауыл маңынан, екіншісінің денесі 1 шақырымдай қашықтан табылған.

Нәпақа табу үшін таңғы бесте жұмысқа кеткен анасы болса перзенттерінен көз жазып қалғанына әлі де сене алар емес.

«Мен таңертең жұмысқа кеткенде, балаларым ұйықтап жатқан. Кешкі сағат 16.30-да маған қызым звондайды, Диас «жүріп кетті» деп. Мен тек бір ұлым деп қана ойладым. Сосын участковый бала: «Сабырлы болыңыз, кішкентайдан да айырылып қалдық» деді. Сөйтсем екі балам да шөгіп кеткен екен. Біреуін сол күні таптық, екіншісін кеше таңертең таптық. Ағасы інісін құтқарамын деген ғой, інісі мойнынан құшақтаған, сол күйі кетіп қалған. Менің талабым — мына каналды жауып тастасын. Менің әлі бес ұлым бар, кішкентай екі нәрестем бар. Бармайды деп айта алмаймын, олар да шомылуға барады. Бір күнде екі баланы жоғалтқан маған тіптен қиын», — деді анасы.

Жеті баланың анасы Айгүл Тамашеваның қаралы оқиға болар күні жұмысқа таң атпай кеткен. Артынша мүгедектігі бар күйеуі де нәпақа табуға аттаныпты. Шиттей бала-шағаға бас-көз болып әдеттегідей үйдің үлкен қызы қалған. Оның өзі жұмыстағы анасына дәрі апарып беруге шыққанда, Юсуфахмет пен Диас каналға қашып барған дейді қаралы отбасы.

Қайғылы жағдай Келес ауданындағы Ошақты каналында болған.