"Өмір бақи бір күйеумен өмір сүремін деген принцип болды": Ақбота Керімбекова жан сырын ақтарды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.34
  • 564.45
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өмір бақи бір күйеумен өмір сүремін деген принцип болды": Ақбота Керімбекова жан сырын ақтарды

"Өмір бақи бір күйеумен өмір сүремін деген принцип болды": Ақбота Керімбекова жан сырын ақтарды

Әнші Ақбота Керімбекова бала күнінде "ешқашан ажыраспаймын" деген ойда болғанын айтты.

  • 5 Маусым
  • 20
Фото: instagram.com/botakerim

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Өнер иесі «1001 түн» бағдарламасына берген сұхбатында бала кезіндегі ойы мен арманы туралы айтып, ағынан жарылды.

«Алланың жаратқан пендесінің ешқайсысының өмірі 100% жақсы емес. Қызығы да, шыжығы да, сынағы да болады. Бір кем дүние деген нәрсе. Бала күніңде ойда дым жоқ кез. Тамақ, киім қайдан келіп жатқанын ойламайсың. Әке-шешең бар, бәрін алдыңа әкеп беріп отырған уайымсыз әдемі уақыт. Бірақ сол уақытта болашаққа қадам басатын сәтте ата-анамның айырылысып жатқаны оңай болған жоқ. Сол уақытта көкейімде «өскенде тұрмысқа шығамын, өмір бақи бір күйеумен өмір сүремін, ешқашан ажыраспаймын» деген принцип болды. Қалымнан қысылып, көпшіліктен қашқақтап жүретінмін. «Мені ешкім елемесе екен» деп өскен қыздың өмірі Алланың қалауымен керісінше өзгеріп кетті. Бүкіл халықтың алдына әкеліп, осыншама дәрежеге жеткізіп қойды. Ал жеке өміріме қатысты айтқан сөзімді де керісінше жасап бергеніне таңым бар. Оның да бір қайыры бар», — дейді ол.