"Кейде өмір адамды үнсіз ғана құлатады": Өлім аузынан қалған блогер жан сырын ақтарды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Кейде өмір адамды үнсіз ғана құлатады": Өлім аузынан қалған блогер жан сырын ақтарды

"Кейде өмір адамды үнсіз ғана құлатады": Өлім аузынан қалған блогер жан сырын ақтарды

Танымал блогер Қалдықыз Жаппарқызы өлім аузынан қалғанын айтып, өміріндегі қиындықтарымен бөлісті.

  • 8 Маусым
  • 5
Коллаж: Caravan.kz, фото: Instagram/kaldykyz_zhapparovna

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Кейде өмір адамды үнсіз ғана құлатады екен… 2024 пен 2025 жылдар менің өмірімдегі ең ауыр, ең қараңғы кезең болды. Денемнің ауырғаны былай тұрсын, жанымның қиналғаны сондай — “біттім, өштім, енді қайтып орнымнан тұра алмаймын, осымен бәрі аяқталды” деп ойладым. Түнде жылап, таңды үмітсіз қарсы алған сәттерім аз болмады. Ішімнен Алладан тек бір ғана нәрсені — сынып кетпеуді, шыдауды сұрадым. Сабыр мен көз жасымның артында үлкен жеңіс тұрғанын ол кезде сезбедім де. Бірақ, міне жарық күн қайта туды. Мен сол түнектен аман өттім. 2026 жыл — менің қайта тірілген, қайта жарқыраған жылым. Өзімді жеңген, ауруды жеңген, тағдырға бой бермеген өзіммен мақтанамын. Егер қазір сіз де қиындықтан басыңызды көтере алмай жүрсеңіз, өтінемін, берілмеңізші. Түннің артынан міндетті түрде шуақты таң атады…», — деп жазды ол.