Сахнада көңілдеспен сүйісіп тұра алмаймын - актер Елдос Шайкенов - kaz.caravan.kz
  • $ 484.78
  • 558.66
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сахнада көңілдеспен сүйісіп тұра алмаймын - актер Елдос Шайкенов

Сахнада көңілдеспен сүйісіп тұра алмаймын - актер Елдос Шайкенов

Театр және кино актері Елдос Шайкенов театр актерларының кәсіби мерекесі лайықты деңгейде тойланбайтынын мәлімдеді.

  • 9 Маусым
  • 123
Фото: Видеодан скриншот

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Актер «Қазақстан халық партиясы» ютуб арнасына берген сұхбатында театр сахнасында қандай рөлдерді ойнай алмайтынын айтты.

«Қазақ болып тұрып мен сахнада көңілдеспен сүйісіп тұра алмаймын. Тіпті тұру керек болатын болса да тұрмаймын. Кинода болады. Бірақ сахнада ол ерсі көрініп тұрады», — дейді ол.

Сондай-ақ, ол театр актерларының бағаланбай жатқанын да жасырмады.

«Неге мәдениет күнінде еңбек сіңіргендерге бір нәрсе бермеске?! Бізде карантиннен кейінгі 5-6 жылда театр күнінде Астанада театр актерлерінің мерекесі тойланбайды. Ал 8 наурыз болсын, басқа да мерекелерде басынан аяғына дейін біз жүреміз. Бірақ, біздің бір мерекемізді жасап бере алмаса не керегі бар деп ойланамын. Блогерлердің бір видеосын көрген адаммен бір спектакль көрген адамды салыстырып көріңізші. Салыстыруға келмейді. Біз қандай рухани байлық беріп жатырмыз. Әділеттілік жоқ. Бірақ осы ісіне адал болып жүрген барлық облыстағы театр қызметкерлеріне басымды иемін. Түбінде осылар жақсы болатын сияқты. Станиславский, Әнуар ағаларымыз сыйлы болған театрға қайтып келетін шығармыз. Бізді кинодан емес, театрдан таныса екен деймін. Сондай дәрежеге жететін болсақ, кішкене мәдениетке жақын боламыз», — дейді ол,