"Байлар өз тілін менсінбейді": Айдын Рахымбаев пен Дана Нұржігіт жаппай сынның астында қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.76
  • 562.39
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Байлар өз тілін менсінбейді": Айдын Рахымбаев пен Дана Нұржігіт жаппай сынның астында қалды

"Байлар өз тілін менсінбейді": Айдын Рахымбаев пен Дана Нұржігіт жаппай сынның астында қалды

Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт танымал құрылыс компаниясының басшысы Айдын Рахымбаевтан сұхбат алған.

  • 12 Маусым
  • 6
Фото: Instagram/dana_nurzhigit

Сұхбат барысында тележүргізуші орыс тілінде сөйлескен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Аталған видеоны тележүргізуші өзінің желідегі парақшасына жүктеді. Онда ол:

«500 доллардан 5 миллиард долларлық айналымға дейін. Айдын Рахымбаевтың сөзі. Бұл – 2026 жылғы барлық түлектерге, сондай-ақ бүгін 9-сыныпты тәмамдап, аттестат алған ұлыма арналған үлкен мотивация. Тыңда, балам! P.S. Бейненің сапасына мән бермеңіздер. Репортердің басты міндеті – маңызды сәтті және мықты спикерді дер кезінде түсіріп алу. Мен сіздер үшін дәл соны жасадым, достар! «, — деп жазды ол.

Желі қолданушылары екі танымал адамның не себепті өзге тілде сөйлескеніне таң қалған. Олар түрлі сыни пікірлерін жаудырып жатыр.

«Сонда байлар өз тілін менсінбейді ме. ?Димаш бүкіл әлемді қазақша сөйлетіп жатыр ғой.Неге әр қазақ өз тілінде сөйлемеске», «Сұхбат қазақ тілінде болғанда әсерлі болар еді. Жүрекке онша қонбады», «Ия. Үлгеріп сұхбат алдым -деп жазыңыз,Дана ханым. Ана тіліміз де жауап бергенде шынында көңілге өте қонымды болар еді.Таза өз тіліміз де жеткізе осындай жандар,еліктейтін жастар да көп болар еді. Қашан қазақ қазақпен қазақша сөйлесетін күнге жете алар ма екенбіз?», — деп жазып жатыр халық.