«Өмір бойы жинағаным осы үй еді»: алаяқтар Астанада тұратын 88 жастағы профессордың пәтерін алдап алған - kaz.caravan.kz
  • $ 489.33
  • 566.3
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Өмір бойы жинағаным осы үй еді»: алаяқтар Астанада тұратын 88 жастағы профессордың пәтерін алдап алған

«Өмір бойы жинағаным осы үй еді»: алаяқтар Астанада тұратын 88 жастағы профессордың пәтерін алдап алған

Астанадағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, география ғылымдарының докторы Марат Ишанқұлов алаяқтардың кесірінен пәтерінен айырылғанын айтып, президенттен көмек сұрады

  • 14 Маусым
  • 2
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Профессор алаяқтардың арбауына түскеннен кейін ірі көлемдегі ақшасынан ғана емес, пәтерінен де айырылғанын айтып отыр.

«Мен алаяқтардың арбауына түсіп, ақшамнан айырылдым. Полицияға арыз жаздым, бірақ, менің ойымша, полиция, адвокат пен менің пәтерімді сатып алған адам ауыз жаласқан сияқты. Сондықтан, мен прокуратураға арызданған едім. Бірақ, прокуратура менің арызымды полицияға қайтарып берді. Енді сот шешімімен мен өмір бойы ақша жинап, сатып алған пәтерімнен айырылайын деп тұрмын», — дейді профессор өз үндеуінде.

Біздің редакциямызға осы мәселе бойынша комментарий берген Астана қаласының полиция департаменті зейнеткердің алаяқтарға алданғанын растады. Яғни, полицияның мәліметінше, интернет алаяқтар зейнеткердің ірі көлемдегі ақшасы мен пәтерін өз аттарына түсіріп алған.

«Полиция жедел әрекетінің арқасында зейнеткерге ақшасын қайтарып берді. Ал, оның мүддесін қорғап жүрген адвокаттың заңсыз әрекеттері туралы жазған арызы бойынша Байқоңыр ауданының полициясы қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу істің ақ-қарасын анықтайды», — деп хабарлады полиция департаменті.