Бублик пен Рыбакинаны қолдамаңдар, қасқырды қанша бақсаң да орманға қарап ұлиды - журналист - kaz.caravan.kz
  • $ 489.33
  • 566.3
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бублик пен Рыбакинаны қолдамаңдар, қасқырды қанша бақсаң да орманға қарап ұлиды - журналист

Бублик пен Рыбакинаны қолдамаңдар, қасқырды қанша бақсаң да орманға қарап ұлиды - журналист

Танымал спорт журналисі Аслан Қаженов теннисші Александр Бублик пен Елена Рыбакинаны қатаң сынға алды.

  • 15 Маусым
  • 4
Фото: Instagram/kazhenov.aslan

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Журналист өз пікірін желідегі парақшасында жариялады.

«Қасқырды қанша бақсаң да…

Ресей күні құтты болсын! Қазақстандық теннисші Александр Бублик өзінің телеграм арнасына осындай жазба қалдырып, қазір әлеуметтік желіде дау болып жатыр. Бұл спортшы 2016 жылы қызыл паспортын көк паспортқа ауыстырып, бізге келген болатын. Телеграм арнасын ақтарып көрдім. Өкінішке орай, бұған дейін 16-желтоқсанда қазақ елін тәуелсіздік күнімен құттықтамапты.

Не ғой, осы Бублик пен Рыбакина сияқтыларды қорғаштап, астына жыртылып тұрып пікір қалдырмай-ақ қойыңдаршы. Қасқырды қанша бақсаң да, бәрібір орманға қарап ұлиды…», — деп жазды ол.