Істі қарап жатқан судья Еркін Майшинов қылмыстық іс материалдарын зерттеу барысында сараптама нәтижелерін оқып берді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Тексеру кезінде Zeekr көлігі мемлекеттік нөмірсіз болған. Дерекқорда оның нөмірі 009JET ретінде көрсетілген.
Судьяның айтуынша, бұл көлік заттай дәлел ретінде тәркіленген және қылмыстық іс аяқталғанға дейін оның сақталуы қамтамасыз етілген.
Тұрақ аумағында жүргізілген тексеру хаттамасына сәйкес:
- жүргізуші жағындағы есік пен артқы сол жақ бөлікте қатты ойық пайда болған;
- алдыңғы оң жақ есік қысылып қалған;
- көліктің алдыңғы бөлігі толықтай деформацияланған;
- салонның алдыңғы оң жағы зақымданған;
- сол жақ алдыңғы дөңгелек орнында тұрған.
Сондай-ақ медициналық сараптама айыпталушының көптеген ауыр жарақат алғанын растаған.
Сараптама қорытындысына сәйкес, Александр Пактың денесінен мынадай жарақаттар анықталған:
- жабық бас-ми жарақаты;
- ми шайқалуы;
- иек пен мұрын қабырғасының жұмсақ тіндерінің соғылуы;
- жабық кеуде қуысы жарақаты;
- оң жақтағы үшінші және төртінші қабырғалардың ығысуымен сынуы;
- сол жақтағы бесінші, жетінші және сегізінші қабырғалардың ығысуымен сынуы;
- оң жақ тізе буынының соғылуы және басқа да жарақаттар.
Бұған дейін жәбірленуші тараптың жаңа адвокатының қатысуына байланысты Әл-Фараби даңғылындағы жол-көлік оқиғасына қатысты сот отырысы кейінге шегерілген болатын.