ҰҚК Шымкенттің жоғары лауазымды шенеунігіне қатысты тергеу жүргізіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰҚК Шымкенттің жоғары лауазымды шенеунігіне қатысты тергеу жүргізіп жатыр

ҰҚК Шымкенттің жоғары лауазымды шенеунігіне қатысты тергеу жүргізіп жатыр

ҰҚК-нің баспасөз қызметі тергеу басталғанын растады.

  • 16 Маусым
  • 3
Фото - Caravan.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Шымкент қаласы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің басшысына қатысты тергеу басталғанын растады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Шымкент қаласы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің басшысына қатысты тергеу амалдары жүріп жатқаны туралы мәліметтер журналист Михаил Козачковтың Telegram-арнасында арнасында жарияланған болатын.

Сол кезде жергілікті ҰҚК департаментінің қызметкерлері сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында шенеуніктің жұмыс орнында тінту жүргізгені хабарланған еді. Сондай-ақ тергеу өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша оң қорытынды алу үшін лауазымды тұлғаға ақшалай қаражат беру мүмкіндігін тексеріп жатқаны атап өтілді.

Tengrinews.kz редакциясы ҰҚК баспасөз қызметіне хабарласып, аталған шенеунікке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқаны туралы ақпаратты растатты. Сонымен қатар ведомство өзге де қосымша мәліметтерді ашудан бас тартты.