Бұл туралы ол Instagram-дағы stories-де айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Жансая Әбдімәлік әлеуметтік желідегі оқырмандардың бірі қойған сұраққа әріптесі Бибісара Асаубаеваға қатысты танымал интернет-мем арқылы жауап берді.
Instagram желісінде оқырмандарымен сөйлесу барысында спортшыдан Асаубаеваға көзқарасы туралы сұраған.
«Неге сіз Бибісараны сынайсыз? Ол шынымен де турнирлерде жеңіске жетіп, еліміздің атын шығарып жүр ғой», — деп жазған қолданушылардың бірі.
Бұған жауап ретінде Әбдімәлік қолында «Интернет арқылы біреуге қалай шапалақ беруге болады» деген кітап ұстап тұрған Кермит бақаның мемін жариялады.
Постына шахматшы қысқаша:
“Басталды. Мен ондай ойындарға қатыспаймын”, — деп жауап берген.
