Трамптың мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы тағы төмендеді - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Трамптың мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы тағы төмендеді

Трамптың мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы тағы төмендеді

Трамптың Ормуз бұғазы жуырда ашылатыны туралы мәлімдемесі аясында мұнай бағасы төмендеуін жалғастырып жатыр

  • 16 Маусым
  • 4
Фото: instagram.com/whitehouse

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Brent маркалы солтүстік теңіз қоспасының фьючерстері барреліне 82,68 доллардан саудаланып жатыр, ал бір күн бұрын мұнай бағасы 84 долларлық межеге жеткен болатын. WTI маркасы да арзандап, кешегі барреліне 81 доллардан 80,63 долларға дейін төмендеді.

ICE биржасы сайтынан скриншот

Бағаның күрт төмендеуі 14 маусымда АҚШ пен Иранның бейбіт келісім жасағаны туралы мәлімдемесінен кейін басталды. Ақпаратты АҚШ президенті Дональд Трамп, Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф және Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Казем Гариб-Абади растады.

Келесі күні Трамп Ормуз бұғазы қазірдің өзінде ішінара ашылғанын, ал жұмада толықтай ашылатынын мәлімдеді. Бұл ретте АҚШ президенті мұнай бағасы қарқынды төмендегеніне қарамастан, қор нарығы «бүгін зымыранша көтеріліп», рекорд көрсеткіштерге жеткенін атап өтті.