Еліміздегі Ұлттық музейге жаңа мәртебе берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі Ұлттық музейге жаңа мәртебе берілді

Еліміздегі Ұлттық музейге жаңа мәртебе берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасың Ұлттық музейіне "ұлттық" мәртебе беру туралы Жарлыққа қол қойды

  • 18 Маусым
  • 5
gov.kz

Бұл туралы 2026 жылы 17 маусымда Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді, деп жазды Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Құзырлы министрлік Мемлекет басшысының елдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау мен ұлттық құндылықтарды ұлықтау ісіне айрықша мән беріп келе жатқанын баса атап өтті.

«Жаңа мәртебе Ұлттық музейдің Орталық Азиядағы ең ірі музей әрі еліміздің жетекші мәдени-ағартушылық орталықтарының бірі екенін айғақтай түседі. Бүгінде музей қорында 200 мыңнан астам жәдігер сақтаулы. Мұнда 20 көрме залы, реставрация шеберханалары, зертханалар, қор сақтау орындары, ғылыми кітапхана, сондай-ақ көрме және білім беру жобаларын жүзеге асыруға арналған кеңістік бар. Жыл сайын Ұлттық музейге 600 мыңнан астам адам барады. Мұнда ғылыми қызметкерлер, реставраторлар, экскурсия жүргізушілері мен қор сақтаушыларды қоса алғанда, 400-ден астам маман еңбек етеді. Ұлттық музей көрме, ғылыми және ағартушылық бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізеді. Жыл сайын музей қабырғасында 100-ден астам халықаралық көрме мен жоба ұйымдастырылып, іс-шаралар Қазақстанның шетелдік музейлер мен ғылыми-зерттеу орталықтарымен ынтымақтастығын нығайтуға бағытталады».ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі