Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Актриса өміріндегі қиын кезеңмен желідегі парақшасында бөлісті.
«Көпшілікке болып жатқан жағдайдың менің отбасылық өміріммен байланысты екені түсінікті деп ойлаймын. Қазіргі уақытта заңдық және сот процестері аяқталғанға дейін барлық мән-жай мен себептерді жариялай алмаймын. Сондықтан мен тек қиын кезеңді бастан өткеріп жатқанымды білдірдім және жеке шекараларыма түсіністікпен қарап, құрмет көрсетіледі деп үміттендім. Соған қарамастан, менің өмірім тоқтап қалған жоқ.
Менің балам бар, міндеттерім бар, сондай-ақ жауапкершілігін арқалап отырған командам мен бизнесім бар. Қиын өмірлік жағдайға тап болдым екен деп, жұмысымды және барлық процестерді тоқтата алмаймын. Сонымен қатар ерекше атап өткім келеді: менің бизнесімнің жеке өмірімде болып жатқан жағдайларға ешқандай қатысы жоқ. Мен ешқашан сатылымды интригаға, ажырасуға, жанжалдарға немесе отбасылық мәселелерге құрған емеспін. Бұл менің жұмыс істеу тәсілім де, құндылықтарым да емес.
Менің командам және мен әрдайым жұмысымызды адал, этикалық тұрғыдан және аудиториямызға құрметпен қарап жүргізіп келдік. Арзан айла-шарғылар мен қолдан жасалған драмаларға жол берген емеспіз. Сондықтан бұл жағдайды «хайп» немесе «прогрев» деп айыптаудың шындыққа еш қатысы жоқ. Осындай мәлімдеме жасамас бұрын, экранның ар жағында өміріндегі ең қиын кезеңдердің бірін бастан кешіріп жатқан тірі адам бар екенін ойлаған жөн», — деп жазды ол.